Все вакансии

Middle Backend Developer (Java)

ТОО Golden Bridge Partners
Алматы, Наурызбайский район, микрорайон Калкаман-3, улица Каракулова, 40HH.ru

Описание вакансии

Golden Bridge Partners – 2012 жылдан бері халықаралық логистика саласында табысты жұмыс істеп келе жатқан компания. Компаниямыз қарқынды дамып, IT-командамызды кеңейту мақсатында трансшекаралық логистикаға арналған ішкі жүйелерді дамытуға қатысатын Middle Backend Developer (Java) іздейді. Міндеттер: - Java және Spring Boot негізінде backend сервистерін әзірлеу және қолдау; - TMS (Transport Management System), логистикалық калькулятор және басқа ішкі жүйелерді дамыту; - REST API әзірлеу және интеграциялау; - Жүйенің өнімділігін оңтайландыру; - Код сапасын қамтамасыз ету және қолданыстағы функционалды жетілдіру; - Архитекторлар, Senior Developer және Product Manager-мен бірлесіп техникалық шешімдерді әзірлеуге қатысу. Талаптар: - Java стек бойынша кемінде 2 жыл коммерциялық тәжірибе; - Қазақ және орыс тілдерін еркін меңгеруі (ауызша және жазбаша). - Spring Boot-пен жұмыс жасау білу; - REST API әзірлеу тәжірибесі; - PostgreSQL немесе MySQL мәліметтер қорымен жұмыс тәжірибесі; - MongoDB және Redis-пен жұмыс; - Git қолдану; - Микросервистік архитектура қағидаларын түсіну; - Жаңа функционалды өз бетінше әзірлей алу. Артықшылық болады: - Docker және CI/CD құралдарымен жұмыс тәжірибесі; - Kafka немесе RabbitMQ қолдану тәжірибесі; - React немесе Vue бойынша базалық білім; - Генеративті AI құралдарын әзірлеу процесінде пайдалану тәжірибесі. Біз не ұсынамыз: - Алматы қаласындағы жайлы офис және 5/2 жұмыс кестесі; - Компания есебінен оқыту, кәсіби және тәжірибелі командамен жұмыс; - Invictus GO желісіне корпоративтік жеңілдік; - Тегін шай, кофе және кофе-брейктер; - Жарқын корпоративтік іс-шаралар және ұйымшыл команда. Егер жаңа кәсіби белеске қадам басуға дайын болсаңыз, біз сіздің түйіндемеңізді күтеміз.
Открыть оригинал на HH.ru